«Көйлегін басына киіп алған»: Екібастұзда мас адам мектепке басып кірмек болды

Аиса Махамбет Редактор
23.10.2024, 11:58
711
«Көйлегін басына киіп алған»: Екібастұзда мас адам мектепке басып кірмек болды бейнежазбадан алынған кадр

27 жастағы мас ер адам ауруханаға жатқызылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысындағы Екібастұзда 27 жастағы жігіт мектепке басып кірмек болып, оқушылар мен олардың ата-аналарын шошытты. Бұл туралы Liter.kz порталы жазды.

Мәліметтерге сенсек, келеңсіз жағдай 18 қазан күні күндізгі уақытта болған. Жас жігіт өз көйлегін басына киіп алып, №26 мектепке кіруге тырысқан. Мектеп қызметкерлері оны кіргізбей қойды. Содан кейін ол жерге отырып алып, жатпақ болған.

Бұған Екібастұз білім бөлімі басшысы Лаура Дисюпованың жауап беріп, жігіт аталған мектепке жақын орналасқан ауданда тұратынын айтты.

"Ол мектепке келіп, ішке кірмек болды. Бірақ күзет қызметі дұрыс әрекет етті. Барлық жерде камералар бар. Өзім де қарап шықтым. Күзетші мен вахтер жедел әрекет ету түймесін басып, екі минут ішінде "Күзет" компаниясының қызметкерлері келді. Оларды күтіп тұрған уақытта күзетші ер адамды ұстап тұрды. Үш минуттың ішінде полиция да келіп жетті. Алгоритм бойынша бәрі дұрыс жасалды. Ер адамды бірден ауруханаға апарып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. Себебі ол ақыл-есінде болмаған. Бұл жағдайға психиатрлар араласты", – деп түсіндірді Лаура Дисюпова.

Полицияның мәліметінше, ұсталған адам – 27 жастағы Екібастұз тұрғыны, оқиға кезінде ол мас күйде болған.

"Ұсталған кезде ер адамның қатты мас күйде екенін байқаған полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырды. Оны тексергеннен кейін ауруханаға жатқызылды", – деді Павлодар облыстық полиция департаменті. 

Сонымен қатар жігіттің әрекеттерінен ешкім зардап шекпегені анықталды. Оған қандай да бір жаза қолдану туралы шешім әлі қабылданған жоқ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді