Smart News басылымының жазуынша, Екатерина Жолбарысова "Менің өмірім" бағдарламасына қонаққа барып, Сейфуллин Жолбарыспен таныстығы жайлы айтып берді.
Екатеринаның айтуынша, ол Қазақстан Ассамблеясының орыс бөлімінде қызмет еткен. Кейін қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдерімен телебағдарламаға қатысқан. Әншіні алғаш сол бағдарламаның түсірілім алаңында жолықтырған. Әңгіме барысында, Сейфуллин Жолбарыс Екатеринадан "Ән айта аласың ба?" деп сұраған.
"Ол кісінің өз студиясы болды. "Менің продюсерлік орталығыма әнші боп кел" деп ұсыныс айтты. Мен өзім әнге өте жақын болдым. Мені және жанымдағы екі қызды алып, өзінің студиясына апарды. Ән айтқызды. Ән айтқанымды ұнатып, бірге жұмыс істеп кеттік. Сөйтіп сезіле бастады. Мені командадан бөлек түскі асқа шақыра бастады", - дейді ол.
Басында Екатерина әншінің жасы мен бойына қарап, оны жақтырмаған сыңайын да ашық айтты.
"Басында ойлап қоямын, "мына кісінің жасы менен үлкен, бойы кішкентай" деп. Қарама-қарсы тұрып, оған қарағанда "Құдай-ай, мына кісіге не жоқ?!" деп ойлаушы ем. Басында солай ғой, енді 16 жыл өтті. Қазір маған бойының аласасы білінбейді. Өзіммен бірдей секілді", - дейді Екатерина Жолбарыс.