«Күйеуімді 15 жыл бұрын түсімде көрдім»: Айгүл Иманбаева екінші рет күйеуге шыққанын мойындады

Аиса Махамбет Редактор
21.08.2024, 19:36
3796
«Күйеуімді 15 жыл бұрын түсімде көрдім»: Айгүл Иманбаева екінші рет күйеуге шыққанын мойындады бейнежазбадан алынған кадр

Танымал актриса Айгүл Иманбаева күйеуге шығып, ақ келін атанғанын растады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі болашақ жарымен оқуда жүргенде танысқанын “Мамский әңгіме” подкастында айтты. 

“Мен күнделік жазамын. Күйеуімнің ойынан бастап, бойына дейін қандай адам болатынын жазып қойғанмын. Дәл сол орындалып кетті. Үнемі таныстарыма “Менің тойым шетелде болады. Төлқұжаттарыңды дайындаңдар” деп айта беруші едім. Сол да орындалайын деп тұр. “Болашақпен” оқуға кетіп бара жатқанда менің өмірімде ол адам болмады. Англияға барғанда менің ағылшыным өте нашар болды. Айналам тек ағылшынша сөйлейтін адамдар. Ол кезде қайдан жігіт ойлайсың?! Сабаққа баспен кірдім. Күйеуім 10 жылдан бері Америкада тұрады. Қызы Лондонда оқиды. Өзім секілді ажырасқан жігіт. Тағдырымыз ұқсас болып тұр. 1977 жылы дүниеге келген. Найман руының жігіті. Бірақ менен алты ай ғана кіші. Ортақ достарымыз арқылы таныстық. Ең алғаш көргенде “мына жігітті 15 жыл бұрын түсімде көрдім” дедім. Телефон алмастық. Менің әртіс екенімді білмейтін болып шықты. ҚазҰУ-дың филология факультетін бітірген. Мен журналистика мамандығында оқығанмын. Екінші мамандығы – ІТ саласы. Бірақ Алматыда кездеспеппіз”, – деді актриса. 

Сонымен қатар өнер иесі болашақ жары үйленуге ұсыныс жасағанда ұлымен ақылдасқанын айтты. 

“Жаңа жылды бәріміз Лондонда қарсы алғанбыз. Ұлым мен келінім, оның қызы да келді. Сол кезде ресми баламмен таныстырдым. Күйеуім ұсыныс жасағанда, “Асека, мен не істеймін?!” деп ұлыма бірінші хабарластым. Оның да жанына менің жалғыз жүргенім бататынын сезетін едім. “Мама, оның бойында ешқандай комплексі жоқ. Өзіне не қажет екенін, ақыл тоқтатқан, білімді адам. Маған Ерлан аға ұнайды. Бақытты болыңыз” деді. Содан Лондонда неке қиылып, бас қостық. Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге көлік сұрадым. “Қазақша той жасағың келе ме?” деп сұрады. Мен қарсы болдым. Бірақ құдалық өтіп, орамал салып, келіншай бердім”, – деп ағынан жарылды актриса. 

 

«Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты «Жартылай жалаңаш»: Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды (ВИДЕО) «Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО) Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін