1008

Қызғаныш не істетпейді: Оралда күйеуінің жалаңаш суреттерін желіде жариялаған әйел жазасын алды

Орал шаһарында күйеуінің интим фотосуреттерін WhatsApp мессенджері арқылы заңсыз таратқаны үшін әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызғаныш не істетпейді: Оралда күйеуінің жалаңаш суреттерін желіде жариялаған әйел жазасын алды
IStock

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы айыпталушы мұндай қадамға қызғаныштан барғанын мәлімдеді.

«Әйелдің кінәсі толық дәлелденді. Орал қалалық соты Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үкім шығарып, жеке өмірге қол сұғушылықты бұзғаны үшін жаза тағайындады», - деді прокуратура.

Айта кетейік, азаматтардың келісімінсіз жеке суреттерін таратқаны үшін 6 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін.

Материал авторы