«Қызын байға бердің, ұлын бөлек шығардың»: Абай Бегейдің әйелі туыстардан шаршағанын айтып, жылап қалды (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
05.11.2024, 16:15
9370
«Қызын байға бердің, ұлын бөлек шығардың»: Абай Бегейдің әйелі туыстардан шаршағанын айтып, жылап қалды (ФОТО) коллаж smartnews.kz

Жақында әншінің 16 жасар қызы Сымбат тұрмыс құрған еді. Кейін 22 жастағы ұлы Жалғас пен келіншегі бөлек пәтерге көшті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Абай бегейдің әйелі, блогер Фариза Жұманова ел алдында жан сырын ақтарып, жылап қалды. 

Абай Бегейдің 16 жастағы қызының тұрмысқа шыққанына көпшілік оның әйелінің діни көзқарасын айтып, кінәлаған еді. Жақында Абай Бегейдің үлкен ұлы келіншегімен бөлек шықты. Осы жағдайға да туысқандары әйелін кінәлаған. Әншінің жұбайы жеке парақшасында жылап, жан сырын ақтарды.  

"Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Қаншалықты осыған шыдар екем?! Қашып кететін жер бар ма?! Мені барлық нәрсеге кінәлау жеңіл шығар. “Сымбатты кетірдің, Жалғас пен келінді сыйдырмадың” деп ойлауға миы жеткен туыстар, аман болыңдар. Басқа айтарым жоқ. Менің естіген рақметім осы болса, жақсы. Бүгін өзіме қатты жылап, ішкі дүниемді шығаруға рұқсат бердім. Әлеуметтік желі аздай, бүгін жақын адамым мені қатты сындырды. Әр нәрсеге қайыр бар, енді мен одан да мықты боламын", – деп жазды Фариза Жұманова.

Еске салайық, блогер әншіге тұрмысқа шығарда қыздарының да қарсы болғанын жасырмаған еді. 

“Қыздар екі жылдай менімен сөйлескен жоқ. Әкелерін қызғанып, маған да реніштері болды. Қазіргідей қарым-қатынас құру үшін көп уақыт керек екен. Әркімнің өз анасы бар. Мені “Апа” деп атады”, – деген еді блогер келіншек. 

Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ