"Маған ренжімесін": Екатерина Жолбарысова әншінің бірінші әйелінен кешірім сұрады

Аиса Махамбет Редактор
18.12.2023, 11:37
2620
"Маған ренжімесін": Екатерина Жолбарысова әншінің бірінші әйелінен кешірім сұрады видеодан алынған кадр

"Бір жыл қашып жүрдім"

Smart News басылымының жазуынша, Екатерина Жолбарысова "Менің өмірім" бағдарламасына қонаққа барып, өмірі туралы деректермен бөліскен.

Тележүргізуші Айгүл Ысқақтың Сейфуллинмен бас қосуына қатысты сұрақтарына екінші әйелі былай деп жауап берді:

"Ол менен 15 жас үлкен ғой, басында "масқара" деп ойлап жүрдім. Бір жыл қашып жүрдім ол кісіден. Бір жыл бойы артымнан қалмай қойды. Ақырында өзінікіне жетті. Мен де оны жақыннан тани бастағаннан кейін оның харизмасын көріп, ой-өрісін байқадым. Көп кітап оқиды, көп ізденеді. Солай екеуміз тіл табысып кеттік", - дейді. 

Екатеринаның айтуынша, әнші екеуі ресми 8 жылдан соң ғана үйленген.

"Ресми 8 жылдан кейін үйлендік. Ал таныстығымыздан бір жылдан кейін бірге тұрдық. Басында ажыраспай жүрді, кейін ажырасты. Басында "сіздің отбасыңыз бар, ұят болады, одан аттап өте алмаймын" деп айтып жүрдім. Ол айтты, "біздің отбасымыз бітті, сен болмасаң да, бәрібір ажырасамын. Басқа қызды да аламын" деді", - деп ағынан жарылды Екатерина Жолбарысова.

Сондай-ақ ол әншінің бірінші әйелінен кешірім сұрады:

"Ол кісіні көрдім. Ашық сөйлесуге ондай мүмкіндік болмады. Оның орнында басқа әйел болса да, кім болса да, ренжитін еді. Осы кезді пайдаланып, мен ол кісіден кешірім сұрағым келеді. Мұны мен қасақана істеген жоқпын. Маған ренжімесін",- деді ол.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды