Михаил Саакашвилидің көпке бармай үзіліп кетуі де мүмкін

05.07.2023, 12:24
690
Михаил Саакашвилидің көпке бармай үзіліп кетуі де мүмкін Efrem Lukatsky

Грузияның экс-президенті сотталып, осы күні сол Грузияның өзінде жазасын өтеп жатқан Михаил Саакашвилидің халі мүшкіл.

Бірер күн бұрын Саакашвили сот отырысына онлайн қатыстырылған екен. Онда 2007 жылы митингінің тарқатылу эпизодтарына қатысты іс қаралған.  Сол жердегі бейнежазбадан оның түрін көрген әлем жұртшылығы ішегін тартып, бас шайқап қалды. Бұрынғы нарттай жігіттің орнында әбден шөгіп, құр сүлдері қалған әруақ кейпіндегі Саакашвили отырды. Сотта қойылған сұрақтарға ол украин тілінде жауап берді. Ал парламент спикері Шалва Папуашвили Грузияны шайқап, халықтың құлағын көтергендер Саакашвилидің батыстағы жақтастары болды, сол үшін олар Грузия халқынан кешірім сұрауы тиіс дегенге келтірген. Саакашвили керісінше, «Мені мынадай халге жеткізгендерің үшін сендер менен, менің отбасымнан, Еуропарламенттен кешірім сұраңдар» деді.

Ол қазіргі уақытта түрмеден жеке клиниканың жеке палатасына ауыстырылған, бірақ жазадан босатылмаған. Яғни күзеттегі адам. Украинада жүрген оған Грузияда қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айып сырттай тағылған болатын. 2021 жылғы Грузиядағы сайлау алдында өзінің жақтастарын қолдау үшін еліне барғанда тұтқындалып, түрмеге жабылған.

Саакашвили бүгінде ауыр сырқатқа ұшырапты. Оның қалай тірі жүргеніне дәрігерлердің өзі таң қалады. Қамалғанға дейін бойы 2 метрге жуық, салмағы 120 келі болған жігіт осы күні шөгіп, жағы қушиып, қабырғасы ырсиып, салмағы 60 келіден де төмендеп кетіпті. Тағы екі-үш келі салмақ тастаса ағзасы көтере алмай, шаруасы бітетінін дәрігерлері айтады.

Саакашвили Украина азаматы. Украинаның қазіргі билігі оны қайтаруды Грузиядан сұрап келген. Ал бүгінгі бейнежазбадан түрін көрген Украина президенті Владимир Зеленский Саакашвилиді мұндай күйге түсіргендері үшін Грузия билігіне наразылық білдірді.

«Сыртқы істер министрлігіне Грузияның Украинадағы елшісін шақыруды, оған қатты наразылық білдіруді және өз астанасымен кеңесу үшін 48 сағат ішінде Украинадан шығруды тапсырдым», – деді Зеленский. Украина президенті Саакашвилиді емдетіп, аяққа тұрғызсам дейді.

Грузиядағы халық тарапынан құрылған дәрігерлер консилиумы барып, Саакашвилидің ахуалын тексерген екен. Олар Саакшвилидің салмағы 60 келіге жетер-жетпес екенін, бойы 195 сантиметр болған адамның салмағы 53 келіге түссе табанда өлетінін айтыпты. Себебі мұндай жағдайда ағза жылдам кері кетіп, ешқандай шипа қонбайтын көрінеді. Консилиум оны психикалық функциясы төмендеп кеткен, депрессиядан шыға алмай қалған, палатаның ішінде өздігінен жүріп-тұра алмайды деп қорытындылаған. 

Бірер күн бұрын немістің Bild деген басылымы Саакашвилиден сұхбат алыпты. Сұхбатында өзінің мүшкіл жағдайы турлы да айтқан.

«Бүкіл тұлабойым шыдатпай ауырады. МРТ-ның қорытындысы миымның зақымданғанын көрсетті. Толықтай төсекке таңылып жатырмын. Есімнен танып қалатын кезім көбейді. Менің әлі тірі жатқаныма мұндағылар таң қалады. Ауыр металлдармен уланғанымның белгілері білінеді. Дәрігерлер уды ағзамнан шығара алмай жатыр. Сүйектерім үгітіле бастады», – деген Саакашвили.

Бір сөзбен айтқанда, Саакашвили  өлім аузында жатыр деуге де келеді. Есіл ерді қор қылды деген осы болар.

Михаил Саакашвили Грузияның президенті лауазымын 2004-2007 және 2008-2013 жылдарда атқарды. Оны ұлы реформатор, бірақ саясаткер ретінде әлсіздеу деп жатады. Қателіктері де болған шығар, ал жасаған реформаларының әлі күнге жеміс беріп келе жатқанын бәрі біледі. 

Қысқа уақытта Грузия тәртіпке келтірілді, қылмыс пен жемқорлық сап тыйылды. Грузиядағыдай оң өзгерістер ТМД елдері бойынша ешқайда жасалған жоқ. Бірақ  Саакашвилиге Грузияны ұзақ басқару нәсіп болмады. Аман болсын дейміз. Тарихта аты қалған ел билеуші, реформатор деген аты бар тұлғаның жолы жеңіл болмады.

Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО)