2451

«Не енді мынау?! Ұл мен гүл деп»: Ерке Есмахан концерт кезінде сөзінен шатасқанын мойындады

Белгілі әнші Ерке Есмахан жолдасы Raim-ның кешінде сөзінен жаңылысқанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

«Не енді мынау?! Ұл мен гүл деп»: Ерке Есмахан концерт кезінде сөзінен шатасқанын мойындады
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Raim-ның концертінде Ерке Есмахан сахнаға шығып, жолдасымен бірге су жаңа әнінің тұсауын кесті. 

"Сен маған ұл сыйласаң... Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын. Бұйырса, тағы да сыйлаймын", – деді Есмахан.

Одан кейін әншінің сөзден шатасқанын көпшілік байқап, ду күлді. 

Сахнада тұрған Raim әзілді іліп әкетті.

Жүрек, үйге барып тамақ істеп қойшы, мен екі сағаттан соң барамын", – деді әнші. 

Сахнада тұрып ұялғанын жасырмаған әнші жеке парақшасында бөлісті. 

“Теңіздің өзі мен сияқты шаймайтын шығар?! Не енді мынау?! Үлкен сахнада тұрып, “Ұл мен гүл” деп шатасқаным ұят болды”, – деп жазды Ерке. 

Еске салайық, Ерке Есмахан кішкентай ұлын көпшілікке көрсетуге дайындалып жатқанын айтқан еді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор