1275

Нокаут кезінде тілін тістеп алған 29 жастағы боксшы қаза болды

Жеңілістен үш күн өткен соң қаза болды.

Нокаут кезінде тілін тістеп алған 29 жастағы боксшы қаза болды
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Танзанияда 29 жастағы боксшы жекпе-жекте нокаутпен жеңілген соң мерт болды. 

27 желтоқсанда Дар-эс-Саламда Хассан Мгайя жерлесі Пол Элиастан жеңілген соң үш күннен кейін қаза тапты.

Марқұм басынан бірнеше рет соққы алып, құлаған кезде тілін тістеп алған. Жекпе-жектен кейін боксшы ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

"Танзаниялық кәсіпқой боксшы Хассан Мгайя 30 желтоқсан күні 27 желтоқсанда нокаут кезінде алған жарақаттарынан мерт болды. Бүкіл WBC чемпионымыздың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", – деп хабарлайды дүниежүзілік бокс кеңесі. 

29 жастағы Мгайя кәсіпқой рингте тоғыз рет жекпе-жек өткізген. Ол үш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңіліп, екі жекпе-жегінде тең түсті.

Материал авторы