Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті?

22.11.2024, 12:10
4261
Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Үшінші курс оқып жатқан шақта Заманбек Нұрқаділовпен табысқан Нұрбике Нұрқаділова 80 жасқа қараған шағында бүгін бақиға аттанды…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова былтыр «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында сұхбат берген еді.

Оның сөзінше, үшінші курс оқып жүргенде тұрмыс құрған.

Мен ЖенПИ-де физика-математика факультетінде оқыдым. Физика, математика деген жеңіл пән емес қой. Мүмкін, мінезім де ауыр болған шығар. 27 жыл бірге тұрдық. Қолымда енем болды. Екі бала өмірге келді. Қайратты төртінші курста өмірге әкелдім. Студенттердің баласы болды. Атын Қайрат деп қойған да жолдастарымыз. Сол кезде бәріміз «Қайраттың» ойынын көретін едік. Тимур Сегізбаев сияқты болсып деп қойды атын. Құралай келді өмірге. Балаларды жақсы тәрбиеледік. 27 жыл бірге тұрдық, сосын анау-мынау болып кетті өмірі Зәкеңнің. Үйден кетпекші болып, сол 30 жыл дегенде ажырастық. 1965 жылы үйленіп, 1995 жылы ажырастық. Тек жолы болсын. Бізден кетті, басқаға жетті, - деді Нұрбике Нұрқаділова сұхбатында. 

Ол Заманбек Нұрқаділовтің ажалы адамнан болды деп тұспалдайды.

Ажалы өзінен емес. Қайратта халыққа айтып жатыр ажалы өзінен емес, өзін-өзі үш рет ататын адам емес. Ол қоянды да, торғайды да атып көрген адам емес. Мен тау жақтан шыққан адаммын деп жүретін, - дейді бәйбішесі Нұрбике Нұрқаділова. 

Айтуынша, өмірден өтетін кезінде қызы Құралайдың тігін студиясына келіп, кешірім сұраған. 

Құралай қызым, мен енді жақсы әке болдым ба, жаман әке болдым ба... Кешір», - депті. Құралайдан кешірім сұрады.«Денсаулығым жоқ, денсаулығым нашар», - деген. Ол кезде қызметтен түсіп қалды ғой.«Папа, не менімен тұр, не Қайратқа қайт», - депті Құралай. «Қайтам ғой, қайтам ғой, - деген екен. Сол кезде Құралайдың офисінде түскен суреттері бар. Бұл қыркүйек айы болатын. Қарашада кетіп қалды, - дейді Нұрбике Нұрқаділова. 

Еске салайық, бүгін Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді