«Өкпемнен ұрды»: Отарда соққыға жығылып, 20 күндей комада жатқан сарбаз сержанттан қалай таяқ жегенін айтып берді

06.09.2024, 11:10
1527
«Өкпемнен ұрды»: Отарда соққыға жығылып, 20 күндей комада жатқан сарбаз сержанттан қалай таяқ жегенін айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүріп, комаға түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпатта басынан өткен оқиғаны баяндап берді. Бұл туралы Orda News мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұржігіт Әбділпатта 2024 жылы 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға Жедел респираторлы вирустық инфекция диагнозымен жеткізілген.

Ол комада 20 күн жатып, кейін Қордайдан Алматыдағы ауруханаға ауыстырылды. Қалалық ауруханаға жеткізіліп, жүрек соғысы дұрысталып, жағдайы жақсарған. Алайда толықтай жазылып шығуы үшін әлі де уақыт қажет болды.

Қазір Нұржігіт ауруханаға күнделікті қаралып, физиотерапия, диагностикадан өтіп жүр. Өзін жақсы сезінетінін айтты. 

"Әскерге өз қалауыммен бардым. Әскери борышымды өтеп қайтқым келді. Қашықтан оқып жүрген соң уақытты босқа өткізбейін деп, әскерге бардым. Бірдеңе үйренгім келді", – деді Нұржігіт. 

Сондай-ақ ол өзін соққыға жыққан сержант туралы баяндап берді. 

"Оның аты Дастан. Негізінде ол рота сержанты болды. Өзі үнемі ашуға булығып жүретін. Сол себепті онымен ешкім араласпайтын. 22 күні түнде ұстамам ұстап қалды. Себебі мен мұндай күнделікті кестеге үйренбеген едім. Ұзақ уақыт жүру, жүгіру стресінен ұстама пайда болды. Содан түнде  ұстаманың кесірінен ұйықтай алмадым. Бұл туралы командирлерге шағымдандым. Сосын ол медбикені шақырды. Ол маған "бұл қалыпты жағдай" деді. Дәрі жазып беріп, оны ішкен соң бәрі жақсарды”, – дейді ол.

Нұржігіт сержанттың өзін қалай соққыға жыққанын, жағдайдың қалай болғанын айтты. 

“Осыдан кейін, 6-күні, тамағым ауырып, өзімді жайсыз сезіне бастадым. Сол кезде сержанттың жаныма қалай келгенін байқамай қалдым. Кеудеден төмен, өкпеден ұрды. Мен еңкейіп, ыңылдадым. Сосын ол мені бір-екі рет тыныс жолымнан ұрды. Осыдан кейін әскерде жағдайым нашарлай бастады. Жүгіргенде ең соңынан келетін болдым. Бірнеше күн дұрыс тамақтана алмадым. Ол мені өзімен-өзі, жайдан жай ұрды”, – деді ол. 

Анасының айтуынша, cарбазды 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға әскерилер алып келген. Оған пневмония диагнозы қойылған. Ал Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің бастапқыда медицина орталығына жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілу шағымдарымен жүгінгенін хабарлады.

 

Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады