“Ордабасы” - “Легия” футбол командаларының жанкүйерлері жаппай төбелесті (ВИДЕО)
Шымкенттік “Ордабасы” мен польшалық “Легия” футбол құрамаларының жанкүйерлері бір-бірімен қақтығысып қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу матчы өткен болатын. Шымкенттегі іріктеу кезеңінде шымкенттік “Ордабасы” құрамасы мен Польшаның “Легия” құрамасы бір-біріне қарсы ойнады.
Командалардың теңбе-тең (2:2 есебімен) ойын көрсеткеніне қарамастан, екі жақ жанкүйерлері жаппай төбелес ұйымдастырды.