«Өз елімде мұндай әрекет қалыпты»: Оңтүстік Кореяда жол ережесін бұзған Қазақстан азаматы ұсталды

29.05.2023, 14:28
1079
«Өз елімде мұндай әрекет қалыпты»: Оңтүстік Кореяда жол ережесін бұзған Қазақстан азаматы ұсталды news.heraldcorp.com

Оңтүстік Кореядағы Инчхон-Ёнсу полиция учаскесі 27 мамырда жол жүру ережесін бұзып, ессіз күйде көлік айдады деген айыппен 39 жастағы А. есімді Қазақстан азаматын тұтқындады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Herald Economy басылымына сілтеме жасап.

А. есімді азамат 24 мамырда 18:15-те Ёнсу-дон-ға бара жатқан жолда K5 көлігін қатты айдады деп айыпталып отыр.

Тілші түсіріп алған видеода 27 жастағы Б. және 22 жастағы С. есімді, ұлты қазақ қыздар автокөліктің артқы терезесіне отырып, денесін терезеден сыртқа шығарып, қолдарын жоғары көтеріп тұрғанын көруге болады.

А. есімді азамат полиция учаскесіне өз еркімен келді, оған қатысты тергеу жүргізілді. 

Тергеу барысында А. мырза Б. және С. есімді әйелдерге бұлай істемеуін, оның қауіпті екенін ескерткенін айтты.

Б. ханым әрекетін Кореядағы жақын танысы бөпелі болғанын естіп, қатты қуанғаннан істегенін түсіндірді. Сондай-ақ ол «өз елімде мұндай әрекет қалыпты болғандықтан, ешқандай мәселе туындамайды деп ойладым» деп жауап берген тергеушілерге.

Арызданушы көлік бірден жылдамдығын арттырып, қозғалыс жолағын бірден ауыстырғанын айтқан. Бірақ жақын маңдағы камерадан полиция мұндай бұзушылықтың болмағанын анықтады.

Полиция қызметкерінің айтуынша, егер бұл әрекет негізгі тәртіпті бұзу деп танылса Б. және С. есімді азаматтарға да айыппұл салынады.

Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады