Өзін «хайуан» санайтын квадроберлер күнәһар ма?: Мүфтият жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
31.10.2024, 13:29
1309
Өзін «хайуан» санайтын квадроберлер күнәһар ма?: Мүфтият жауап берді коллаж smartnews.kz

ҚМДБ «Квадробер болу күнә ма?» деген сұраққа жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, квадробинг субмәдениетіне еліктейтін жастар көбейді. Өзін «хайуан» санайтын жастардың бұл қылығы туралы дін өкілдері не дейді? Мұндай жаңа ағымды ҚМДБ өкілі Елбек Тасболатұлы Құрандағы сүрелерді мысал етіп алып, жануарға еліктеуші жастардың бұл әрекеті – «шайтанның адамды азғыруынан» деп келдірді. Бұл туралы BES.media мәлімдеді. 

Мүфтият өкілі квадробер болу исламдағы белгілі бір нормаларға қарсы шығу екенін жеткізді. Оның айтуынша, «хайуанға» еліктеу дінде тыйым салынған әрекет. 

Дін өкілі Елбек Тасболатұлы Құрандағы Алланың сөзіне сүйене отырып, мәселеге қатысты мүфтияттың ұстанымын айқындады. 

"Алла Тағала Құрандағы "Исра" сүресінің 70-аятында: "Расында, біз адамды құрметті, қасиетті қылдық", – деген. Бұл жаратылыстың ең ардақтысы, ең абыройлысы – адам дегенді білдіреді. "Әт-Тин" сүресінде: "Біз адамзатты ең кемел етіп жараттық" делінген. Сырт келбетіміз, аяқпен жүруіміз – Алланың бізге берген сыйы", – дейді мүфтият өкілі.

Сондай-ақ ол "Ниса" сүресінің 119-аятына сілтеме жасай отырып, шайтанның мұсылмандарды қалай адастыруға тырысатынын айтты.

"Ниса сүресінің 119-аятында Алла Тағала шайтанның адамзатты "Мен адамзатқа Алланың жаратылысын өзгертуді бұйырамын" деп азғыратынын баяндайды. Бұл аяттан біз квадроберлердің жануарларға еліктеп, дініміз тыйым салған әрекеттерді жасайтынын аңғарамыз. Бұл Алланың адам баласын қасиетті еткеніне қайшы келеді", – дейді Елбек Тасболатұлы.

Журналистің "исламда мұны харам деп санауға бола ма?" деген сауалына мүфтият өкілі  “харам емес, тыйым салынған әрекет” деп жауап берген.

Айта кетейік, жануарға еліктеп, соның іс-қимылын қайталап, дауысын салып, олардың азығын жейтіндер - «квадроберлер» деп аталады. Олар бетперде мен құйрық тағып, ит-мысықтың жасағанын қайталайды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды