«Өзіңнің де балаларың орысша сөйлейді ғой»: Мөлдір Мұқанова баласы қазақша білмейтін аналарды кінәлады

Аиса Махамбет Редактор
29.10.2024, 14:30
2382
«Өзіңнің де балаларың орысша сөйлейді ғой»: Мөлдір Мұқанова баласы қазақша білмейтін аналарды кінәлады жеке мұрағатынан

Тіл мәселесінің ушығуына аналарды кінәлаған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі оқырмандарынан сөз естіді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал өнер иесі Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тіл мәселесін көтеремін деп сынға қалды. 

Өнер иесі қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, орыстілді аналарға үндеу жасады. 

“Аналар, тіліміздің шұбарлануына өзіміз кінәліміз. Мені алаңдататын мәселенің бірі – тіл. Ана тілі деп аты айтып тұрғандай, ананың тілі қандай болса, баланың тілі де сондай болады. Әке тілі, ана тілі демейміз. Тілдің дұрыс болмауына аналар кінәлі. Қазақша білмейтін аналар бар. Үйдегі анасы қазақша сөйлесе, алты бала да қазақша сөйлеп кетеді. Бір әулеттің қазақтілді болуына ықпал етіп тұрсың. Ал, енді оқырмандарыма сұрақ: Орыстілді аналарға арналған қазақ тілі мектебін ашсам, қолдар ма едіңіз?”, – деп жазды продюсер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өзінің балалары қай тілде сөйлейтінін сұрап жатыр. 

“Өте дұрыс бастама, мен әдістемесін қолдар едім”, “Тұрсынбектің тілі орысша емес пе?!”, “Өзіңнің де балаларың орысша сөйлейді ғой”, “Адамның аузына бірнеше тіл сыяды”, “Мөлдір дұрыс айтып отыр”, – деп жазды көпшілік. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды