Пәкістанда ірі теракт: 9 полицей қаза тапты, ондаған адам жараланды

06.03.2023, 15:22
539
Пәкістанда ірі теракт: 9 полицей қаза тапты, ондаған адам жараланды

Пәкістанның шығысында Белуджистан провинциясында теракт салдарынан тоғыз полиция қызметкері қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жанкешті лаңкес дүйсенбі күні көпірде тәртіп сақшылары мінген көлікке шабуылдаған.

Каччи ауданының бас полицейі Мехмуд Нотезайдың мәлімдеуінше, полицейлер мінген көлікке Сиби ауданында шабуыл жасаған.

«Болжам бойынша, оны жанкешті лаңкес жасады», - деді ол. Бұл шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ.

Жарақат алған офицерлер арасында үшеуі ауыр халде жатыр.

Пәкістандағы аумағы бойынша ең ірі провинциялардың бірі саналатын Белуджистан бірнеше ондаған жыл бойы сепаратистердің ықпалында. Олар елден тәуілсіздік талап етуде.

Дүйсенбі күнгі жарылыс бірнеше айдың ішінде Пәкістан тәртіп сақшыларына жасалған үшінші ірі шабуыл.

Айта кетейік, соңғы уақытта елдегі лаңкестік әрекеттер саны күн сайын артып келеді. Әсіресе, Хайбер-Пахтунхва мен Белуджистан провинцияларында.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген