Ринат Зайытов домбыраны ұшаққа алып кіруге рұқсат беруді талап етті

05.06.2023, 12:12
767
Ринат Зайытов домбыраны ұшаққа алып кіруге рұқсат беруді талап етті

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ұшақтарға ұлттық аспаптарды кіргізбеуге қатысты әуе компанияларының әрекетін сынға алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қатысты қойылатын сұрақ бар. Азамат Өмірзақұлы (вице-министр), бұл тақырып қазір әлеуметтік желілелерде көтеріліп жатыр. Қазір әуе компанияларында қазақтың ұлттық аспаптарына қарсылығы жоспарланғандай жүріп жатқан сияқты. Домбыра тек ағаштан жасалатын аспап, құрамында металл жоқ. Яғни ешқандай зияны жоқ аспап. Бұл мәселе бойынша әуе компанияларына дұғай-дұғай сәлем айтыңыз. Осы мәселені шешіп беріңіздер. Қазақтың ұлттық аспаптарын ұшаққа кіргізуге рұқсат берілсін. Яғни, қолдарыңыздан келмесе, бұл рұқсатты алмаса, онда Алматы мен Астананың әуежайына кемінде мың домбырашыны қойып, «Адай» күйін ойнатып, жалынып сұрайық», - деді Р. Зайытов Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Еске салсақ, жақында айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan ұшағына домбырасын алып кіруге рұқсат берілмегенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған теді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)