Шавкат Рахмонов қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді айтып, америкалық журналисті таңғалдырды

05.12.2024, 17:37
732
Шавкат Рахмонов қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді айтып, америкалық журналисті таңғалдырды бейнежазбадан алынған кадр

Ешқашан жеңіліп көрмеген отандасымыз америкалықтарды таңдай қақтырып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов бразилиялық модель әрі UFC журналисі Нина-Мари Даниэльді қазақ тіліндегі ең ұзын сөзбен таң қалдырды.

Жеңілістің дәмін татпаған Шавкат Рахмонов UFC-дің танымал журналисіне сұқбат беріп, қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді айтқызумен таңғалдырды.

«Драма» деген атпен танымал Нина-Мари әлеуметтік желіде Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдірумен аяқталатын үзінді жариялады. Видеода Шавкат қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді айтып, танымал журналист оны бірнеше рет қайталауға тырысады. 

Нина отандасымыздан “қанағаттандырылмағандықтарыңыздан” сөзін баяу айтуын өтінгенімен, қайталап айта алмай, "Қазақстан, мен сені жақсы көремін", - дейді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі 8 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінде өткізеді. Ол жеңіліп көрмеген ирландиялық Иэн Гарриге қарсы жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы жекпе-жекке үміткерді анықтайды.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды