“Шетелдік күйеу жігіт” ақтөбелік әйелді 2 млн теңгеге сан соқтырып кетті

09.12.2023, 09:08
694
“Шетелдік күйеу жігіт” ақтөбелік әйелді 2 млн теңгеге сан соқтырып кетті ашық дереккөзден

Сыйлық әпердім деп алдап кетті.

SmartNews сайтының хабарлауынша, қазан айының соңында 42 жастағы ақтөбелік әйелге әлеуметтік желіде белгісіз ер адам өзін шетелдік ретінде таныстырып, хабарлама жазған. Осылайша, “шетелдік” пен ақтөбеліктің арасында махаббатқа толы хат алмасу басталған.

“Күйеу жігіт” әйелге сыйлықтар, зергерлік бұйымдар мен шетелдік валюта сатып алғаны туралы хабарлама жіберіп, сенімділік үшін сыйлықтардың бейнелері мен фотосуреттерін жіберген. Әрі қарай бұл сәлемдемелерді жіберу үшін кедендік бажды төлеу қажеттігін айтып, әйелге есеп айырысу шотын жолдаған. Әйел жігіт көрсеткен шотқа банк кассасы арқылы 2 млн теңгеден астам ақша жіберген. 

Ақшаны алғаннан кейін “күйеу жігіт” байланысқа шығуды тоқтатқан, ал жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді. Алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

- Полиция департаменті, әдетте, ақша аударғаннан кейін “шетелдік күйеу жігіттер” бірден із-түзсіз жоғалып кететінін ЕСКЕРТЕДІ. Интернеттегі таныстықтардың қауіпсіз емес екені туралы жиі ескертілетініне қарамастан, аңғал әйелдер әлі де алаяқтардың арбауына түсіп, оларға өздерінің еңбекпен тапқан ашасын жіберіп, қарыздар мен несиелер алып жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды