«Суға итеріп, батып кеткенше қарап тұрған»: марқұм 13 жастағы Мерланның туыстары тергеудің әділ жүргізілмей жатқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
05.11.2024, 17:35
2198
«Суға итеріп, батып кеткенше қарап тұрған»: марқұм 13 жастағы Мерланның туыстары тергеудің әділ жүргізілмей жатқанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Атырауда 7-сынып оқушысы белгісіз жағдайда суға батып қаза тапқан. Мерланды сол күні көргендер анасына «Жанұзақ балаңызды суға итеріп жіберді, ұлыңызды енді іздемей-ақ қойыңыз» деп айтқан екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында белгісіз жағдайда суға батып, қаза тапқан 13 жастағы баланың туыстары тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді. Марқұмның жақындары қылмыстық істің бабын ауыстырып, күдіктілерді қамау керек деп есептейді. Аталған жайтты “Информбюро” жаңалықтар қызметі анықтады.

Қайғылы оқиға тамыз айында Жайық өзенінің жағасында болған. Марқұмның туыстары Мерлан сыныптастарымен кетіп, сол күйі оралмағанын айтады. Сөздерінше, Мерлан Сананы үлкен сыныптың балалары Жайық өзеніне итеріп жіберген. Анаргүл Қасантаева балама қастандық жасаған адамдар жазасыз қалып оты дейді. Оның үстіне тергеушілердің қайта-қайта ауысуы көңіліне күдік ұялатыпты. 

“Баламды шақырып алып кеткендер жайбарақат музыка тыңдап отырды. Олардан сұрасам, Мони суға батты деп айтты. Олар сөзді бұрмалап сосын, үйге кетті дей салды. Жайық жағасына барсам, баламның киімдері жатыр. Егіздің сыңары болса, “Жанұзақ суға итеріп жіберді” деді. Айқайлаған балам құтқарыңдар дегенде құтқармай қарап тұрған. Батып кеткенше”, – дейді Анаргүл Қасантаева.

Отбасы 7-сынып оқыған ұлымыздың жүзе алмайтынын әрі көзінің нашар көретінін білген үлкен сыныптағы оқушылар оны қасақана итеріп жіберді деп отыр. Бұл ақпаратты кей сыныптастары да растаған көрінеді. 

”Ол бала итергенде суға түсіп, батып кетуі мүмкін екенін біліп тұрып, соны істеп тұр. Сондықтан бұл жанама пиғылмен 99-баппен дәрежелеуге жатады деп ойлаймын. Себебі жанама пиғыл дегенді прокуратура да, тергеу органдары да ұмытып кетті. Жағада тұрған Мерланды артынан келіп итеріп, суға түсіріп жіберген. Белінен итерген. Бұны көрсетіп отырған балалар бар іс бойынша. 4-5 бала бар”, – дейді жәбірленуші тараптың адвокаты Мақсат Төленбаев.

Адвокат бұл жайтқа әлімжеттік себеп деген пікірде. Сондықтан мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларынан да жауап алу керек дейді. Ал плиция тергеу әлі аяқталмаған деп қысқа қайырды. Қылмыстық істе күдіктілердің бар-жоғы да әзірге белгісіз. 

“Жасөспірімнің өліміне қатысты қазір Қылмыстық кодекстің 104-бабына сәйкес, қылмыстық іс тергеліп жатыр. Яғни "Абайсызда қазаға ұшырату" дерегі бойынша, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды”, – дейді Атырау облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Дина Мақсотова. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды