1862

Тағы бір апат болар еді: Бүгін Бакуден Ақтауға қарай бағыт алған ұшақтан ақау шықты

Бакуге келген ұшақтан ақау бары анықталды. Ол Ақтауға ұшпақ болған көрінеді.

Тағы бір апат болар еді: Бүгін Бакуден Ақтауға қарай бағыт алған ұшақтан ақау шықты
yandex.kz/maps

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзірбайжан астанасы Бакуге келген ұшақтан ақау бары анықталды. Әуе бортында жолаушылар болмаған. Аталған ақпаратты Көлік министрлігінің баспасөз қызметі растады.

– Ақтау қаласы әуежайының әуе айлақ және жерүсті қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйрету (сүйемелдеп шығару) жұмысын атқарды. Ұшақтың қонуы штаттық режимде болды, қонғаннан кейін әуе кемесінде ақау бары анықталды, – делінген хабарламада.

Ұшақ Бакуден Ақтауға бағыт алған және бортта жолаушылар болмаған. 

– Қазір әуежай ашық, штаттық режимде жұмыс істейді, – дейді ведомстводан.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. 

Материал авторы