Тарихи медаль үшін қазақстандық Нариман Құрбанов қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Париж олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Нариман Құрбановтың қанша сыйақы алады?
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заңға сәйкес олимпиаданың күміс жүлдегеріне 150 мың доллар беріледі (71 миллион теңгеден аса).
Ал алтын жүлдегерге 250 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар тағайындалады.
Сонымен қатар 4, 5 және 6-орындар үшін 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.
Айта кетейік, қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов “Париж 2024” Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған еді. Бірінші орынды ирландиялық Рис МакЛенаган 15,533 ұпаймен алды. Ал үшінші орында АҚШ-тан келген Стивен Недорощик 15,300 ұпаймен иеленді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші