1162

«Ток соққан болуы мүмкін»: Саясат Нұрбек ҚазҰУ аумағында қаза болған түлекке байланысты тың дерек айтты (ВИДЕО)

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында көз жұмған жігіттің өліміне байланысты пікір білдірді.

«Ток соққан болуы мүмкін»: Саясат Нұрбек ҚазҰУ аумағында қаза болған түлекке байланысты тың дерек айтты (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ғылым және жоғары білім министрі Алматы қаласындағы №185 мектептің 11-сынып түлегі 19 маусымда ҰБТ тапсыруға келгенін айтты. Ал тестілеу орны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусында орналасқан. 

"Кешкі сағат 16:00-де ауа-райы өте ыстық болды. Ол тыйым салынған белгіге қарамастан субұрқаққа түскен. Өлім себебін бүгін медициналық сараптама тағайындайды. Алдын ала болжам бойынша екі себеп бар. Бірі оның жүрегі тоқтап қалуы мүмкін немесе ток соққан болуы да мүмкін", – деді Саясат Нұрбек.

"Ол ҰБТ-ны тапсырған жоқ. Өйткені Алматыда электр қуатының үзілуіне байланысты емтиханды ауыстыруға тура келді. Енді біз медициналық сараптаманың қорытындысын күтуіміз керек. Ол жақын арада шығады. Алдымен өлімнің себебін анықтасақ, кейін түсінікті болады", – деп қосты министр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор