1486

Түркістанда полиция жоғалған 4 жастағы баланы іздестіріп жатыр

Полиция көрген-білгендерді хабарласуға шақырды.

Түркістанда полиция жоғалған 4 жастағы баланы іздестіріп жатыр
polisia.kz

SmartNews сайтының хабарлауынша, 1 желтоқсан кешкі уақытта полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізді. 

Ер азаматтың арызы бірден тіркеліп, тез арада полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Қазір тәртіп сақшылары жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 

Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келді. 

Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған. 

?Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65,  8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666,  +77026376600,  +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне  хабарласуды сұраймыз.

Материал авторы