«Үйінде әке-шешесі боқтап сөйлейтін балаға әлімжеттік норма»: белгілі ұстаз жанайқайын жеткізді

Аиса Махамбет Редактор
27.02.2025, 09:47
492
«Үйінде әке-шешесі боқтап сөйлейтін балаға әлімжеттік норма»: белгілі ұстаз жанайқайын жеткізді жеке мұрағатынан

Аятжан Ахметжан қазіргі балалардың қатігездігі мен әлімжеттігіне не себеп екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі ұстаз, Qazbilim жобасының авторы Аятжан Ахметжан оқушылар арасында әлімжеттік неге көбейіп бара жатқанын айтты. Мұның бәрі адамдардың бір-біріне сыйластық, құрмет таныту секілді қасиеттерден арылып бара жатқаны себеп деп отыр.

Бір журналист қарындасым хабарласып, «Семейдегі оқушылар арасындағы әлімжеттікті көрдіңіз бе? Бұл тоқтай ма? Себеп не дейді?». «Мен ол жерден басқа күтпедім, себебі қала әкімі мен білім бөлімінің басшысы мұғалімге әлімжеттік жасап, ол шыршадан ұшып кетіп жараланды, көрдіңіздер ме? Дәл сондайлар тоқтағанда ғана оқушылар арасындағы әлімжеттік те тоқтауы мүмкін», - деймін.

Ауырлау шығар. Бірақ агрессия агрессияны тудырады. Әкімшіліктің мұғалімге агрессиясы мұғалімнің оқушыға агрессиясын тудырады. Мұғалімнің оқушыға агрессиясы, ата-ананың балаға агрессиясы балалардың жүрегін қатайтады. Бір-біріне агрессиясын тудырады, - дейді ол.

Ахметжан үйінде балаларының көзінше қалай болсын солай сөйлейтін ата-ана да бұған кінәлі дегенді алға тартады.

Үйінде әкесі, шешесі боқтап сөйлейтін, баласының көзінше әкеден, шешеден түсіп, ауыз бармайтын боқтықты айтып отыра беретін отбасының баласы үшін боқтық сөз норма. Боқтық сөз норма бала үшін төбелес те, әлімжеттік те норма. Себебі балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі, - деді Аятжан.

Сонымен қатар мұндай оқиғалар Семейде ғана емес, барлық өңірде бар, тек олар тасада қалып жатыр дегенді айтады.

Семейдегі жағдай жағаны ұстатып, қоғамды дүр сілкіндірді. Тіпті оқушы емес, кәдімгі қылмыскерлер арасында да ондай қатыгездік болмас. Бірақ бұл ашыққа шыққаны, желіге тарағаны. Өкінішке, шықпағаны қанша? – дейді ол.

Ал мұндай жайттың көбеюіне жамандықтың жарнамасы көптігі себеп деп отыр.

Қоғамда қатыгездік көп. Өтірік көп, алаяқтық көп. Жемқорлық, ұрлық-қарлық, сыбайластық. Отбасындағы әңгіме де, адамдар ортасындағы әңгіме де осы. Өнегелі әңгіме, үлгі алар оқиға тым аз, аздың өзінің нәсихаты жоқ. Ал жамандықтың жарнамасы көп, дақпырты қалың, шуы қатты.

Ал өнегені қалай көрсетеміз? «Тіпті қазір әдебиет те, кино да, өнер де адам тәрбиелеуге ұмтылмауы керек. Оның миссиясы – анау-мынау» дейтіндер көбейді. Енді кім, не тәрбиелейді бұл ұрпақты? Ал тәрбиенің ошағы отбасы мен мектептегі тәрбиені айтсақ, көзді біраз сығымдауға, ашынып аһ ұруға тура келеді.

Қоғамдағы әр адам – өскінді тәрбиелеуші! Не істейміз, оқушының үш жұрты (отбасы, мектеп, қоғам)? Ұлттық құндылық, ұлттық тәрбие жүйеден ұлттық мектеп керек! Айғай салғым келеді! – деп күйінеді ол.

Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді