"Волонтер қызды бөлмесіне шақырған": Виолончелист Бағжан Октябрь мәдениет басқармасына үндеу жасады

Аиса Махамбет Редактор
15.12.2023, 14:50
1475
"Волонтер қызды бөлмесіне шақырған": Виолончелист Бағжан Октябрь мәдениет басқармасына үндеу жасады clvdeex

Өнер иесі жергілікті концерт ұйымдастырушыларға ренішін білдірді.

Smart News басылымының хабарлауынша, Павлодар қаласында виолончельші Бағжан Октябрь концерт берген болатын. Ол жергілікті концерт ұйымдастырушыларына ренішін білдірді. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Өнер иесі Павлодар өңіріне екінші рет жеке шығармашылық кешін берген.

“Рақмет, Павлодар! Концерт залының басшылығы менің жұмысшыларыма дөрекі қылық көрсетіп, дайындық барысында жарықты өшіремін деп қорқытқан. Қызметкерлерімнің арасында қарындасым Дина да бар. Оған да дөрекі мінезін көрсетіп, итеріп жіберген. Былтыр да дәл осы қызметкер ішіп алып, жағымсыз қылық көрсетіп еді. “Сендер менің жерімде жүрсіңдер! Мен не істесем де өзім білем” деп айтқан болатын. Ол кезде мен үндемедім. Осы жолғы қылығына шыдай алмадым. Өнерімді көрсетіп, сахна сыртына келсем, Динаның жылап отырғанын көрдім. Сол кезде ғана бәрін білдім. Концерт залының ақшасы толық төленген болса да, жарықты өшірем дегені қай сасқаны?!. Кәсібилік қайда?!. Бұл іскеПавлодар қалалық мәдениет басқармасының назар аударуын сұраймын”, – деп ренжіді виолончельші.

Концерт қоятын кезде волонтерлердің көмегіне жүгінетін өнер иесі, көмекке келетіндердің дені – жас қыздар екенін айтады.

“Әр концерт өткізген сайын волонтерлердің көмегіне жүгінемін. Олардың дені – жас қыздар. Сол қыздардың біріне тиісіп, “менің бөлмеме кеттік” деп айтқан. Мен ойлаймын бұл дабыл қағатын жайт”, – дейді өнер иесі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды