1008

Жалдамалы жұмысшы құстың орнына абайсызда баланы атып жіберген

Түркістан облысында жүзім бағындағы құстарды ату кезінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жалдамалы жұмысшы құстың орнына абайсызда баланы атып жіберген
polisia.kz

Түркістан облысының полиция департаменті 8 шілдеде кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тигені анықталғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі - "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келіп жеткені де нақтыланады.

Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.

Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.