Жатақханасы сын көтермейтін университеттер мен коллеждер аталды

21.08.2023, 17:49
638
Жатақханасы сын көтермейтін университеттер мен коллеждер аталды livejournal.com/Сергей Лежнев

7 өңірдегі жоғары оқу орындары мен коллеждерге тиесілі жатақханалардың сапасы сын көтермейді. Бұл туралы AMANAT партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев айтты, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Оның айтуынша, партия 11 өңірдегі 237 жатақхананы тексерген.

Университтерге тоқталайын. Біз тексерген 70 жатақхананың жағдайын жақсы деп айтуға болады. 39-ның жағдайы орташа, 2 жатақханада құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Коллеждерге тоқталайын. Жалпы 126 жатақхананың 75-інің жағдайы жақсы, 36-сының жағдайы орташа, 13-інің жағдайы нашар, 2 жатақханада тұру мүмкін емес, - деді төраға.

Мониторинг барысында 11 жатақханада санитарлық және қауіпсіздік нормаларының сақталмағаны, су крандарының жұмыс істемейтіні, оқу залдарының тиісті мақсатта пайдаланылмайтыны, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған орындардың болмайтыны анықталған.

Нұржан Жетпісбаев әбден тозған жатақханалардың барын ашық айтты.

Кеңес үкіметі кезінде салынған жатақханалар қайта жөндеуді талап етеді. Тіпті, кейбірінің тұруға мүлде қолайсыз екені анықталды. Кейбір өңірлерде біз 1930 жылы салынған жатақханаларды да көрдік. Мысалы, өңірдегі ірі жоғару оқу орындарында осындай жағдай кездесетіні өкінішті, - деді ол.

Төраға жатақханасы сын көтермейтін университтер мен коллеждерге тоқталды.

Ұлытау облысы:

  • Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті.

Қызылорда қаласы:

  • Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі;
  • Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты.

Қарағанды облысы:

  • Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі.

Павлодар облысы:

  • Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалық колледжі;
  • Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті.

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі;
  • Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі.

Абай облысы:

  • Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі.

Алматы облысы:

  • Жандосов атындағы Қаскелең мәдениет колледжі.

Мұндағы жағдай (жатақханалардың) орташадан төмен. Бұл бағытта тыңғылықты жұмыс істеу керек, - деді Нұржан Жетпісбаев.

Оның айтуынша, бүгіннен бастап Астанада барлық жоғары оқу орны мен орта арнайы оқу орындарындағы жатақханалар тексеріле бастайды. Жалпы, Қазақстан бойынша тағы 426 жатақхана тексеріледі.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген