«Жеті атамды білгім келеді». Тағы бір жетім бала туған анасын іздеп, көмек сұрады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
15.02.2024, 19:09
5027
«Жеті атамды білгім келеді». Тағы бір жетім бала туған анасын іздеп, көмек сұрады (ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

Оны асырап алғандар балалар үйіне хат жазғаны үшін ұрып-соққан.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «Бармысың, бауырым?» хабарына туған анасын іздеп табу үшін Берік Кубанычбекулы Байгелдиев көмек сұрап, жүгінген.  Берікті туған анасы 2 айлығында сәбилер үйіне өткізген. Кейіпкер оның себебін, анасының материалдық жағдайының төмен болуымен түсіндірді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Берік 2011 жылға дейін балалар үйінде өседі. Сол жылы 10 наурызда оны қазақстандық отбасы асырап алған. Хабар барысында өгей ата-анасы өзіне қатал қарағанын, денсаулық жағдайы нашар екенін білсе де жұмысқа жеккенін айтты.

Қымбат Досжанның мәліметінше, 1996 жылы 6 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. Анасының аты-жөні Ерқосаева Айжамал Ерқосайқызы, шамамен 1979-1980 жылдары туған. 6 жасқа дейін анасы Айжамал балалар үйіне келіп тұрған. Әр келген сайын тәттілері мен ойыншықтарын алып келетін болған. Соңғы рет 6 жасында келіп, "Шыдай тұр, алып кетемін", - деп айтып кеткен.

Балалар үйіне мені 6 жасымды ауыстырды. Сол кезде келіп, "Сені жақында алып кетемін, шыдай тұр", - деп еді. Алайда, одан кейін келмеді. Туған анамды тапқым келеді. Ол отбасын құрған жағдайда, мен оларға тиіспеймін. Мен өзімнің жеті атамды, жүзімді білгім келеді, - дейді Берік.

Берік өзін асырап алған отбасы жұмысқа салғанын жасырмай айтып берді.

Мені 2011 жылы Астана қаласының адамдары асырап алған. 12-13 жасымда сол кісілердің қолына өттім. Балалар үйіне ата-аналар келген сайын "Бізді де алып кетеді", - деп қуанатынбыз. Бірақ, арманым ұзаққа созылмады. Олар ақырындап мені ауыр жұмысқа сала бастады. 8-сынып оқитын кезімде шыдай алмай, балалар үйіне қайтқым келетінін айтып, хат жазған едім. Олар менің хатымды оқып, ұрып-соқты, - дейді Берік.

Осылайша Берік анасымен қауышсам деген арманын айтып, тегімді білсем деп тілегін жеткізді.

Әнші Тамара Асар көпшілікке отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты «Asel пеш пен шәйнек сыйлады»: қол күрестен екі дүркін әлем чемпионы неге өкпелегенін айтты «Жүрегі айнып, қызуы көтерілді»: Маңғыстау облысында бастауыш сынып оқушылары жаппай тамақтан уланып қалды «Дубайдан пәтер алып, мол табыс табуды үйрететінін айтқан»: Қазақстандық әйел өзі қатысқан курсты сотқа берді «Елім үшін жанымды беремін»: Нұралы Әліп қазақ халқына үндеу жасады Атыраулық жігіт «танкпен» көшедегі арам шөпті шауып жүр Алматыда үйінен пышақ алып шығып, ауладағы жасөспірімге сұққан ер адамның қылмыстық ісі тоқтатылмақ болды Қырғызстан «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады Бурабайда бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ түрі табылды «Екі ай бойы кездесіп жүрдік»: қарттар үйінде танысқан жұп шаңырақ көтерді Бала зорлады деп айыпталған Amanat партиясының мүшесі жәбірленуші баланың туысы болып шықты «Директор бақылап отырған»: Атырау облысындағы мектептің дәретханасына бейнекамера орнатылғаны анықталды «Ақша жібер, баланы алдыртамын» дедім»: Алматыда 9-қабаттан секіріп кеткен жігіттің өліміне қатысты мән-жайлар айтылды «Қорыққанымнан жасырып жүрдім»: Христиан дінін қабылдаған қазақ қызы бұл сенімге қалай келгенін айтты Өскеменде «әкім орынбасары» түрмеде жатып бизнесмендерден 50 миллион теңге жинап алған Журналиске Қазақстан үкіметінің ғимаратына кіруге тыйым салынды Жахан Отарғалиевтің анасы ұлына баласы бар әйелге үйленуін өтінді Паралимпиаданың күміс жүлдегері Еркін Ғаббасовтың ипотекасы жабылатын болды «Жауын-шашын, тұман мен аяз»: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жариялады «Бұған дейін де қызымды өлтіріп қоя жаздады»: Күйеуі 10 рет пышақтаған Әл-Бейненің анасы сотта куәлік берді (видео)