1807

Жетісу облысында көлік жүргізушісі ер адамды ұрып өлтірді (ВИДЕО)

Жетісу облысының тұрғыны 40 жастағы ер адамды ұрып өлтірді

Жетісу облысында көлік жүргізушісі ер адамды ұрып өлтірді (ВИДЕО)
Бейнежазбадан

Оқиға 29 қазанда Алакөл ауданында болған. Бейнебақылау құрылғысына жазылған кадрлардан қызыл түсті көліктің жаяу жүргіншіге соқтығысып қала жаздағанын көруге болады. Сол себепті жанжал туындап, көлік жүргізушісі ер адамның бетінен ұрған.

Полиция дерегінше, бетінен соққы алған 40 жастағы ер адам аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, келесі күні қайтыс болды.

Қазір 35 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Қылмыскер 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.