Жетісу облысында лицензия ала алмаған кәсіпкердің құқығы қорғалды

22.04.2023, 11:37
583
Жетісу облысында лицензия ала алмаған кәсіпкердің құқығы қорғалды smartnews.kz

Жетісу облысында мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге лицензия беруден негізсіз бас тартқан. Антикор қызметкерлері араласқаннан кейін қызмет алушының құқығы қорғалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге қызметті жүзеге асыру мекенжайы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін бастапқы объект жоқ екендігін дәлелдей отырып, лицензия беруден бас тартты. Департаменттің араласуымен бірлескен кездесу ұйымдастырылып, талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша «жылжымайтын мүлік тізілімі» жүйесінде ақпараттың дұрыс көрсетілмеуі, яғни қателіктер анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша кәсіпкерге тиісті лицензия берілді», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, кәсіпкер аталған мәселесі бойынша Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және «Атамакен» кәсіпкерлер палатасы филиалына жүгінген.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды