Танымал журналист қазақша сұрақ қоюға тыйым салған ресейлік Станислав Черчесовті сынға алды

28.06.2024, 11:56
813
Танымал журналист қазақша сұрақ қоюға тыйым салған ресейлік Станислав Черчесовті сынға алды 1bol.kz

Әбенова Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатысқан грузин спортшыларын мысал ретінде келтірген.

Қазақстандық журналист, қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің тілшіге “Сұрақты қазақша емес, орыс тілінде қой” деген талабына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы 1bol.kz сайты жазды. 

Әбенова Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатысып, азулы Португалияны ұту арқылы плей-офф кезеңіне шыққан грузин спортшыларын мысал ретінде келтірген. 

«Грузин жігіттеріне қарап отсам, олардың бәрі 2000 жылдары туған екен. Олардың мұнайы да жоқ, мемлекет оларды шетелде оқытпайды, оларда біздің балалардағыдай мүмкіндік де жоқ. Мен Грузиядағы теннис орталықтарында болдым. Егер өзімізбен салыстырсақ, онда біздегі корттардың, құрал-жабдықтардың деңгейі өте жоғары. Елордада ғана емес, өңірлерде де сондай. Бұл грузин балаларының түсіне де кірмейді. Себебі оларда бәрі ескі, кеңестік заманнан қалған. Есесіне бапкерлері қандай десеңші! Қалай рухтандырады! Содан шабыт алған балалар кортта ұшып жүргендей көрінеді!  Олардың бапкерлері ешқашан «маған грузин тілінде сұрақ қойма» деп айтпайды. Ешқашан!» – деді ол.

Қоғам белсендісі біздің футболшылар жалдамалы бапкерлермен ауыз толтырып айтарлық жетістікке жете алмайтынын да тілге тиек етті.

«Біздің футболшылар мынадай жалдамалы бапкерлермен грузин жігіттерінің жетістігін ешқашан қайталай алмайды. Ешқашан! Себебі жеңіс техниканың емес, патриотизмнің, Отанға деген махабаттың, халық алдындағы жауапкершіліктің арқасында келеді. Қазақтың рухы болмаса, онда нәтиже күтудің де қажеті жоқ… Ал бапкеріне қазақ тілінде сұрақ қоя алмайтын балада қазақтың рухы қайдан болсын?! Футболда халқыңның тіліне тыйым салынса ше?» – деп қынжылды Әбенова.

Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалған Станислав Черчесов тілшілермен кездесу барысында қазақ тілінде сұрақ қойған журналистен орысша сөйлеуді талап еткен болатын.

Кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр Ирандағы президенттік сайлау: бірде-бір кандидат жеңіске жеткен жоқ Елімізде жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады Илон Маск он бірінші рет әке атанды: Баланың анасы кім "Жасанды интелект арқылы дауысын өзгерте алады": Алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан хабарлама жіберіп жатыр Павлодарда жас полицей өзін өзі тапаншамен атқан Маңғыстауда 13 жасар қыздың туыстары оны зорлаған адам жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қорқатынын жеткізді Ермұрат Бәпи: Хиджапқа тыйым салса елден кетем дегендер құрысын, шекара асып лағып кетсін Алтынай Жорабаева тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмаудың жолын атады Өртті бастап елден кетіп қалды: Грекия билігі Қазақстанның 8 азаматын іздеп жатыр Maqsut Narikbayev University білім ордасын биыл жеті жүзге жуық студент бітіріп шықты Алматыда "Алтын Орда" маңында мопедші әйел адамды қағып кетті: екеуі де қаза тапты (ВИДЕО) Ақтөбелік нейрохирургтар эпилепсиямен ауыратын балаларға сирек ота жасауды меңгерді Қызылордада ер адам мүгедектігі бар бала мен оның ата-анасын соққыға жыққан «Қажылықпен құтылмақ»: Заңгер Абай Бегейдің блогер қызы Ерке Ниязқұлованы алаяқтық бойынша сотқа берді (ВИДЕО) Ақтауда бірнеше полицейдің ұсталған адамды сабап жатқан видеосы тарады (ВИДЕО) ҰБТ-дан 140 балл алған мектеп түлегіне көлік сыйлады (ВИДЕО) Қырғызстандағы сел тасқыны салдарынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы Мектепке қайта қабылданады: Қарағанды ​​соты оқушыны орамал таққаны үшін оқудан шығаруды заңсыз деп таныды Бес облыста аптап ыстық болады: 30 маусымға арналған ауа райы болжамы