Сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды

06.07.2024, 19:52
823
Сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды AA Photo

Жер сілкінісінің алдын алу жүйелі түрде қолға алынатыны рас па? Үкімет кешенді жоспар дайындағанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі жазды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2024-2028 жылдарға арналған сейсмологиялық саланы дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды. Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша кең ауқымды шараларды жүзеге асыруды көздейді. Олардың қатарында мониторингті айтарлықтай күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру және т.б.» делінген хабарламада. 

Министрлер кабинетінің мәліметінше, сейсмикалық аймақтарға бөлудің 15 картасы әзірленеді, бұл еліміздің жер сілкінісі қауіпті аймақтарындағы жер сілкінісі ошақтарының 70 пайызын болжауға мүмкіндік береді. Олар сондай-ақ осы аумақтардағы ғимараттар мен құрылыстарды паспорттауға және жаңа құрылыс нормаларын әзірлеуге негіз болады.

Сонымен қатар, үкімет ғимараттардың құрылысы мен пайдаланылуына бақылауды күшейтуді, бақылау әдістерін жетілдіруді, сейсмолог мамандарды заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы сейсмология институты қызметкерлеріне жалақы төлей алмай, жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберілгені туралы жазған едік.

Қазіргі уақытта институттағы барлық дерлік техника ескірген, ғимараттың өзі жер сілкінісінсіз құлап кетуі мүмкін. Себебі Сейсмология институтына арналған ғимарат 1989 жылы салынып, содан бері ешқашан жөндеу жүргізілмеген. Барлық инфрақұрылым толығымен ескірген, ал қызметкерлер ескі жабдықтармен жұмыс істеуге мәжбүр.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)