Алматыдағы сейсмология институты қызметкерлеріне жалақы төлей алмай, жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберілген

22.06.2024, 11:08
567
Алматыдағы сейсмология институты қызметкерлеріне жалақы төлей алмай, жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберілген бейнежазбадан алынған кадр

Алматыдағы сейсмология институтының қызметкерлері еңбекақыларын ала алмай жүр. Қаржы тапшылығынан мұнда 30 қызметкер ақысыз демалысқа жіберілген. Әзірге сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан қала үшін маңызы зор институтта жұмыстың қашан жанданатыны белгісіз. Бұл туралы 31-арнаның "Информбюро» бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сейсмология институтында 92 ғылыми қызметкер бар. Соңғы рет олар мамырда жалақы алған. Енді бір бөлігі ақысы төленбейтін демалысқа шығуға мәжбүр. Мекеме жұмысшыларына 25 миллион теңге қарыз екен. Ақша жоқ, ал қордағы соңғы қаржы сәуірдегі жалақыға бөлінген. 

"20 маусымда ғылыми қызметкерлер ақысы сақталмайтын демалысқа шықты. Әзірге қызметкерлер санын қысқарту туралы мүлде айтылған", – деді сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының кадр бөлімінің маманы Айжан Төреханова. 

Мамыр мен маусымның 20 күнінің ақысы қашан түсетіні белгісіз. Ал 2021 және 2023 жылдарға бөлінген бюджет қаржысы бітіп қалған екен. 

"2024 және 2026 жылдарға қаржыландыру бөлу үшін өтініш жолдадық. Енді ғылым және жоғарғы білім министрлігінен жауап күтіп отырмыз. Сондықтан осылай істеуге мәжбүрміз", – деді сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Марат Жандосов.

Орталықта техникалар да ескірген, ал қабырғалары жер сілкінбей-ақ опырылып жатыр. Институттың ғимараты 1989 жылы салынып, содан бері жөндеу жүргізілмеген. 

Институттағы барлық дерлік техника ескірген, ғимараттың өзі жер сілкінісінсіз құлап кетуі мүмкін. Себебі Сейсмология институтына арналған ғимарат 1989 жылы салынып, содан бері ешқашан жөндеу жүргізілмеген. Барлық инфрақұрылым толығымен ескірген, ал қызметкерлер ескі жабдықтармен жұмыс істеуге мәжбүр.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді