«Продюсер – құдай, әртіс – құл»: Меруерт Түсіпбаева әріптесі Ақбота Керімбекованың сөзін растады

Аиса Махамбет Редактор
16.09.2024, 20:30
943
«Продюсер – құдай, әртіс – құл»: Меруерт Түсіпбаева әріптесі Ақбота Керімбекованың сөзін растады бейнежазбадан алынған кадр

Ұлттық арнадағы түсірілім кезінде әнші мен Динара Адам арасында дау шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ақбота Керімбекова ұлттық арнадағы түсірілім кезінде болған жағдайға наразылық білдіріп, жоба продюсері Динара Адамды дөрекі деп айыптағанын әріптестері де растады. 

Өнер иесін әріптесі Меруерт Түсіпбаева қолдап, музыкалық жобаларға бөлінетін қаражатты тексеруді талап етті. 

“Бүгін Ақбота үндеу жасаған екен. Өте дұрыс. Шын мәнінде, кейбір продюсерлер – құдай, әртіс – құл болуға айналды. Ол біздің мемлекетте де бар. тендерге де қатысты. Айтылмай жүрген шындық. Барлық жоба мен шоуларға қатысқан әншілерге гонорар төленсе деймін. Ресейде эксперт болып отырған адамның гонорарын төлейді. Оны ешкім танымайды. Бірақ қатысқаны үшін қаламақысын алады. Біздің елде ондай жоқ. Сондықтан, Ақботаның сөзі рас. Оған қосыламын. Жағдай өзгерсе дейміз”, – деді өнер иесі. 

Айта кетейік, Ақбота Керімбекова “Жұлдызды жұп” бағдарламасының продюсерімен сөзге келіп қалғанын жазған едік. 

“Аты-жөні жоқ, жоба продюсері, "әйгілі” Динара Адам хабарласып, жекіп, “я устала уже от всех этих капризов, все ваши капризы у меня выше голова стоят. Хочешь, уходи на х*р из этого проекта”, – дейді. Дәл осылай!. Қазақта “қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына налимын” деген сөз бар. Ұлт ұлт болғалы маңдайымызға бұйырған жалғыз ұлттық арнамыздың маңдайалды жобаларына Алаш түге, адамның қадірін білмейтін, бірде-бір рет қазақша ойланып, ой қорытып көрмеген біреулер жетекшілік еткесін, көрген күн осы екен… ”, – деп ашуланған еді әнші. 

 

«Бар болғаны 85 шаршы метр»: Мәдина Сәдуақасова Алматының ең қымбат ауданынан қымбат пәтер сатып алғанын айтты Дариға Назарбаева Дубай әуежайында жүр «Жағдайын көре тұра, көмектеспеген»: 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне кінәлі аурухана дәрігерлері жазасын алды Елімізде әрбір бесінші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып өлтірді (ВИДЕО) «Біреуі домбыраны харам дейді, біреуі туды қорлайды» – депутат Ермұрат Бәпи Абай облысындағы мектеп директоры мұғалімдеріне сарай мен монша салдырған Forbes әлемдік рейтиңінде қанша Қазақстан миллиардері жүргені анықталды Таиландта жұмыс істейтін Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза болды «Тіктіріп үлгермей жатырмын»: Гүлзира Айдарбекова ұлының сахнада костюмін сыйлап жібере беретінін айтты «Түнімен тігіп едім»: Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжанның той көйлегі жете алмай қалды Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды «Күйеуге шыққанда қоямын»: Назым Қызайбай тұрмыс құрғасын боксты қоятынын айтты Екі жақты татуластыруға тыраштанып жүрген Трамп Ресей мен Украина президенттерінен көңілі қалғанын айтты Елімізде алдағы күндері ауа райы +35 градусқа дейін ыстық болмақ Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті