«Бұл не, сасқан үйрек артымен жүзеді»: Ақбота Керімбекова өзін боқтап жіберген танымал компанияның басшысын сотқа берді

Аиса Махамбет Редактор
16.09.2024, 17:15
4246
«Бұл не, сасқан үйрек артымен жүзеді»: Ақбота Керімбекова өзін боқтап жіберген танымал компанияның басшысын сотқа берді бейнежазбадан алынған кадр

Енді мені жынды қылуға шықты ма деп ашуланды әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ақбота Керімбекова белгілі продюсер Динара Адаммен кетісті.

Әншінің айтуынша танымал медиа компания басшысы мен оның командасы алдын ала мейманханада нөмірді брондамай, жұмыстарына салғырт қараған.

«Әй, бұлар қоймады ғой!.. енді мені жынды қылуға шықты ма?! Мен өздері айтпаса, “SAAD” деген мейманханаға барып нем бар? Сол жерді нұсқағасын келдім, Медиакомпонияның салғырттығынан номер брондалмаған, содан мен қатты ауырып келгенімді, көшіп-қонып жүрмей, осы жерден номер алып беруді сұрадым. “Көшпенділер ойынына байланысты номерлер босамады”,- депті. Ол ойынның өз мәресіне жетіп, тарқағанына міне, бүгін 3-ші күн. Бұл не, сасқан үйрек артымен жүзедінің кері ме? Осы кішкентай ғана жұмыстан сыр бергендеріне ренжідім, рас! Артынан басшыларының жазып отырғаны келесі бетте.

Жалпы, мен майдаланып, мейманхананы мәселе қылу үшін ашынғаным жоқ, ашынуымның себебі — құрметсіздікте! Біреуді қаралап, ел алдында әжуалау да маған тән емес. Тағы айтамын, қадірімді қашырғанына, жалпы мұндай жағдайдың жиі қайталанатынына кәдімгідей ренжіп отырмын.

Мұндай оқиға жалғыз бұл жерде емес, барлық салада бар. Әліне, атағына, ақшасына қарап бағалау, қорыққанды сыйлау, қазақылыққа менсінбеушілікпен қарау — барлық құрылымда бар. Менің айтарым, әуелі Алладан, сосын, момынның ашынуынан, Қазақтың өкпесінің қақжарылуынан бәрі де қорқуы керек!..

Күйе жағумен емес, сыннан қорытынды шығаруға әрекет жасасаңыздаршы, айналайындар!

(Менің бұлар айтқандай ұрысып тұруға шамам болмады, қатты ауырып келдім. Сосын мына сториесті көргесін бізге жауапты болған қыздан “осындай дәрежеде әңгіме-айхай, мен тараптан артық сөз, болмаса, “Ritz-Carlton” деген әңгіме болды ма?”,-деп сұрасам, “мен ондайды естімедім. Динарамен сөйлескеніңізде не айтылғанын білмеймін”,-дейді. Керек десе, ол дауысты да жүктейін. Ал, Динараштың айтқаны келесі бетте)

@adam_di , сен үшін мына қаршадай қыз сот алдында жапқан жалалары мен менің өкпемді хайпқа балағаны үшін жауап беретін болды. Сенің көрегенділігің осы ма?!», — деп жазды әнші.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды