Шерзаттың қазасы: тергеу кезінде жария етуге болмайтын айғақ видеоны желіде кім таратты?

15.10.2024, 14:25
13484
Шерзаттың қазасы: тергеу кезінде жария етуге болмайтын айғақ видеоны желіде кім таратты? бейнежазбадан алынған кадр

Кеше желіде Шерзаттың ісі бойынша жария етуге болмайтын бейнежазба тарады. Соған байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Шерзат Болат қаза тапқан күнгі бейнебақылау камерасына түскен бейнежазба әлеуметтік желіде қалай тарап кеткені жөніндегі сауалға жауап берді.

Кеше әлеуметтік желіде бұл видео тарап кетті. Осыған қатысты ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаментінде қылмыстық іс қозғалды. Алдағы уақытта барлығы белгілі болады. Техникалық жағдайлар да тексеріледі, - деді Бауыржан Әленов.

Журналистер «Бейнежазбаны кім таратуы мүмкін?» деп нақтылап сұрады.

Күдіктілерге қатысты ештеңе айта алмаймын. Белгілі болғанда хабарлаймыз, - деп жауап берді вице-министр.

Бұған дейін бейнежазбаны Instagram желісінде алғаш болып Sonanews парақшасы жариялағанын жазған едік. Бірақ аталған парақша бейнежазбаны қайдан алғанын дереккөз ретінде көрсетпеген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды