«Ақпараттық соғыс басталды!»: Айтбек Амангелді Шерзаттың қазасына кінәлілер әдейі бейнежазба материалын таратқанын айтты

15.10.2024, 10:45
11212
«Ақпараттық соғыс басталды!»: Айтбек Амангелді Шерзаттың қазасына кінәлілер әдейі бейнежазба материалын таратқанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде күдіктінің жақтастары қоғамның пікірін өзгертуге тырысып жатқанын айтып, олардың айласын әшкере етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кешеден бері марқұм Шерзаттың әкесіне әлеуметтік желі арқылы ақпараттық шабуыл жасалып жатыр. Желіде Қаржаубай Нұрымовты қаралауға тырысатын бейнежазбалар көбейді.

Кеше әлеуметтік желіде үш бейнежазба тарады. Бірінші видеода Хутор ауылының тұрғындары Шерзаттың өліміне Хасанның қатысы жоғын айтып, оны қараламауға шақырды. Екінші видеода Хасан Қасымбаевтың өзі кінәсіз екенін, ешқандай бандаға қатысы жоғын айтып ақталды. Тіпті әлдебіреуге интервью бергенін де Youtube желісіне жариялады. Ал үшінші видео тергеу барысында айғақ боп табылатын "Қамажай" дүкенінің бейнежазба материалы. Оны Instagram желісінде алғаш болып Sonanews парақшасы жариялаған. Бірақ аталған парақша бейнежазбаны қайдан алғанын дереккөз ретінде көрсетпеген. Бейнежазба тергеу барысында айғақ ретінде табылатындықтан, материалды полиция қызметкерлерінің бірі редакцияға жіберді деген болжам пайда болды.

Желі қолданушылар аталған үш бейнежазбаның бір күнде, бірінен соң бірі пайда болуы кездейсоқ емес екенін жазды. Ал жәбірленушілерге құқықтық жағынан қолдау білдіріп жатқан Айтбек Амангелді болса, Шерзаттың әкесіне қоғамның көзқарасын өзгерту үшін әдейі камера бейнежазбасын жариялады деді.

"Естеріңізде ме, біздің сот өтіп жатқан кезде де осылай іске қатысты ақпараттарды әлдебіреулер қоғамның пікірін өзгерту үшін таратып жіберген еді. Міне, тағы да жәбірленушілерді кінәлі етіп көрсетуге тыраштанып жатыр.

Біріншіден, бейнежазбаның түпнұсқасына әлі талдау жасалмады, біреу іске қатысты материалды таратып жіберген.

Екіншіден, мұнда арасы 10 минут ішіндегі дүниелердің үзінділері ғана. Үзінділерде автор көрсеткісі келген кадрлар ғана бар.

Үшіншіден, бұдан да маңыздысы алкогольге мастық дәрежесінде көріп тұрмыз.

Төртіншіден, адам өлтіруді - ешқандай да ақтап алуға келмейді. Өз-өзін қорғамақ болды деген сөздің керегі жоқ", - деді ол.

Іске қатысты бейнежазба материалы заңсыз әлеуметтік желіге таралып кеткен соң марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов әділдіктен күдер үзгенін, енді елден отбасын алып көшіп кеткісі келетінін айтып халыққа видеоүндеу жасады. Бұған да қатысты Айтбек Амангелді жазба қалдырып, марқұмның әкесіне қолдау білдірді.

"Қаржаубайдың сезімі мен эмоциясын түсінуге болады. Оларға ауыр соққы боп тиіп жатыр. Осы соққының бәрі оларға бірден кетіп жатыр.

Ақпараттық соғыс енді басталды. Екі күннен бері күдік туғызатын мақалалар шығып жатыр. Біз де оны көріп отырмыз. Бірақ әзір ол туралы ештеңе дей алмаймыз", - деді Айтбек Амангелді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды