Бүгін қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні

16.12.2024, 10:57
1196
Бүгін қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні SMARTNEWS.KZ коллажы / Иосиф Будневич, Владимир Заикин

16 желтоқсан тек Тәуелсіздік күні ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованың туған күні.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін қазақтың бұлбұл дауысты әншісі, әлемді өнерімен тәнті еткен Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың туған күні.

Қазақтың жезтаңдай әншісі 1929 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. Аты аңызға айналған қазақстандық опера бұлбұлы, актриса әрі педагог, Социалистік еңбек ері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның бірнеше наградалары мен атақтарына ие болған.

Ол 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты атанған. 1967 жылы КСРО халық әртісі атағын, 1970 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын, 1991 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді.

Бибігүл Төлегенова Үндістан, Мысыр, Франция, Италия секілді елдердің сахналарында өнер көрсетіп, қазақ өнерінің мәртебесін асқақтатты.

 - Ұлттық өнерді әлемдік деңгейге көтерген аңыз әншінің 95 жылдық мерейтойы құтты болсын! – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, былтыр Бибігүл Төлегенова барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, отандастарына үндеу арнаған еді.

"Құрметті достар! Сіздердің баршаларыңызды, мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, баршаларыңызға зор денсаулық тілеймін, ұзақ өмір тілеймін. Кеше жауған аппақ қардай аппақ көңіл тілеймін. Тыныштық болсын, елімізде амандық болсын. Іштегі дау, сырттағы жаудан сақтасын. Аман-есен болыңыздар. Келесі мерекелерді де аман-есен қарсы алайық. Мереке құтты болсын! Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз да құтты болсын!" - деген еді Бибігүл Төлегенова.



Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды