1639

Ақтөбеде немересі пышақтап кеткен 71 жастағы әженің жағдайы белгілі болды

Бала өз анасын өлтіріп, әжесін пышақтап тастағаны айтылған еді.

Ақтөбеде немересі пышақтап кеткен 71 жастағы әженің жағдайы белгілі болды
Stan.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде туған немересінің қолынан жарақат алған 71 жастағы әйел ауыр халден енді айығып келеді. Stan.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, ол сол түнді есіне алудан қашып, әлі күнге дейін шошып оянады. Қария 2 желтоқсан күні түнгі 01:40-та №1 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. 

Дәрігерлер оның денесінде бірнеше кесіп-тесілген жарақат, қабырғасының сынуы және кеуде мен іш қуысына түскен жабық жарақаттар барын хабарлады. Қол-аяғынан да жаралар анықталған. Науқасқа шұғыл диагностика жүргізіліп, инфузиялық және шоктан шығару терапиясы жасалған.

Аурухана бас дәрігері Қадірбек Иманбаевтың айтуынша, қарияның жағдайы қазір орташа ауыр, гемодинамикасы тұрақты. Жаралары күн сайын тазаланып, таңылады. Психолог мамандар да қосымша жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер оның сөйлесуге шамасы жеткенімен, сұрақты естімей қалатынын айтады.

Еске салсақ, Ақтөбеде өз анасын пышақтап өлтіріп, әжесіне ауыр жарақат салған мектеп оқушысы қамауға алынған. Ол тергеу барысында кінәсін мойындаған.

Материал авторы