685

Қазақ тобына баратын бала жоқ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы балалардың жеткіліксіз болуына, ал кейбір жағдайларда мүлдем болмауына байланысты мемлекеттік тілде оқитын топтар ашылмады деп жауап берді.

Қазақ тобына баратын бала жоқ
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 220 мыңнан артық тұрғыны бар, оның ішінде 35 пайыздайы қазақ тұрғындар тұратын Петропавлда тек 5-ақ балабақша мемлекеттік тілде тәрбие береді екен. Ал жалпы СҚО бойынша таза қазақ тілінде ашылған балабақша саны 10, аралас тілде 44 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Білім басқармасы 2023-2029 жылдарға арналған Жол картасы жүйелі түрде іске асырылуда. 2023-2029 жылдарға арналған СҚО білім беруді дамыту жөніндегі өңірлік жол картасының 5-тармағына сәйкес облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында жыл сайын мемлекеттік тілде оқытатын және тәрбиелейтін топтар ашылады деп мәлімдеді. 

Айта кетейік жалпы қаладағы қазақ тілді 5 балабақшадан басқа Айыртау ауданында - 2, Шал ақын ауданында - 1 топ, М.Жұмабаева ауданында – 1 топ мемлекеттік тілде жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда ата-аналар қазақ балабақшасына орын таппай жүргені туралы жазған едік.