369

Маңғыстауда өзін атып өлтірген ер адам асырап алған қызын зорлаған боп шықты

13 жасар қызға азғындық жасағаны өлімнен соң белгілі болды.

Маңғыстауда өзін атып өлтірген ер адам асырап алған қызын зорлаған боп шықты
Lada.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 жасар қызға қатысты сексуалды зорлық фактісі ер адамның өлімінен кейін белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметіне қарағанда, 24 қаңтар 2026 жылы «102» пультіне 13 жасар қызға қатысты қылмыстық әрекет жасалғаны туралы хабар түсті. Алдын ала тергеу бойынша, заңсыз әрекеттерді жасөспірімнің отчимі жасаған деп анықталды.

Ер адам 20 қаңтар 2026 жылы өз өмірін қиған. Қазіргі таңда Маңғыстау полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі («Кәмелетке толмаған қызға қарсы зорлау») бойынша іс қозғады. Тергеу амалдары толық және объективті түрде барлық деректерді анықтауға бағытталған.

Полиция кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етті. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шетпе ауылында 42 жастағы ер адам ауласында өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған. Ол жұмыссыз болған, жанында мылтық табылған.

Материал авторы