24 мамырында Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылады

22.05.2023, 09:23
507
24 мамырында Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылады egemen.kz

Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-23» ғарыштық жүк көлігін Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі басталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Кеше, 21 мамыр күні «Прогресс МС-23» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» ғарыштық мақсаттағы зымыран монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып, Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңының ұшыру кешеніне теміржол көлігімен жеткізілді және орнатылды.

Роскосмостың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, зымыран тік күйінде орнатылғаннан кейін ресейлік ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшыруға дайындықты жалғастырды.

«Прогресс МС-23» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2023 жылғы 24 мамырда, Астана уақытымен сағат 18 сағат 56 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

«Прогресс МС-23» ғарыштық жүк көлігі ХҒС-қа станцияның жұмысы мен онда жұмыс істейтін ғарышкерлердің өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті 2,5 тоннадан астам жүкті жеткізуі тиіс.

Қазіргі кезде Халықаралық ғарыш станциясында 69-шы ұзақмерзімді экспедицияның экипажы жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев (ХҒС-69 командирі), Дмитрий Петелин және Андрей Федяев, NASA астронавттары Франсиско Рубио, Стивен Боуэн, Уоррен Хобург және БАӘ астронавты Сұлтан әл-Нейади бар.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол