Әйгілі "Нұр-Мұқасан" тобы қалай тарады: топ мүшелері өз шындығын айтты

19.06.2023, 20:05
5977
Әйгілі "Нұр-Мұқасан" тобы қалай тарады: топ мүшелері өз шындығын айтты Топтың "Жылдар" бейнебаянынан

2000-ші жылдары хит әндерді жарыққа шығарып, танымал болған әйгілі "Нұр-Мұқасанның" әншілері топтың тарауына байланысты өз шындығын айтты. "Алғашқы" бағдарламасында Мұқасан Шахзадаев бұрынғы әріптесі Нұрлан Қонысбаевпен етене араласпайтынын, алайда сәлемі түзу екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"27 жыл бірге болдық. Өмірдің ағысы өзі әрқайсымызды жан-жаққа ағызады ғой. Әрине, орны толмас өкініш. Өз басыма да оңай тиген жоқ. Біраз уақыт өз-өзімізге келе алмай жүрдік. Нұрланның (Қонысбаев - ред.) тарапынан да солай болған шығар. Бұл бір күнде шешілген нәрсе емес. Ол жайлап, жайлап осы жағдайға келді. Солай болуы керек болған шығар. Халыққа берерімізді бердік, алатынымызды алдық. Қазіргі таңда кездесіп тұрамыз. Етене жақын араласамыз деп айта алмаймын. Ол өтірік болады. Бірақ көрген жерде құшақтасып, сәлеміміз түзу, амандық сұрасамыз", - деді Мұқасан Шахзадаев.

Ал "Нұр-Мұқасан" тобының тағы бір әншісі Нұрлан Қонысбаев досынан кешірім сұрағанын, алайда Мұқасан Шахзадаевтың топты ары қарай жалғастыру жайлы ұсынысына келіспегенін жеткізді.

"Сағыныш болады. Достан кешірім сұрағанмын. Өзі келіспеді ғой. Мұның бәрі тарих, архив қой. Жүздің үстінде ән, бейнебаян бар. Мен "Ары қарай жалғаса берсін" дегенмін. Өзі қаламады", - деді Нұрлан Қонысбаев.

«100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты