Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

03.07.2023, 15:18
869
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті коллаж

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткенін Қорғаныс министрлігі растады. Бұл туралы толығырақ smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алғаш бұл оқиға туралы заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.

"Жаңа ғана мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазаға тартылған әскери бөлімінен қашып кеткенін білдім", - дейді заңгер.

Сондай-ақ заңгер жазбасында "BMW-мен кетіп қалған. Көрген адамдар болса, оның тергеуде екенін ұмытып кеткенін айтыңыздар" деп жазған.

Көп ұзамай ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады. Министрлік жіберген хабарламада былай делінген:

"2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен", - деп хабарлайды ведомство өкілдері.

Еске салайық, ақпанда Тұрлыхановтың ұлы адвокат Анна Чернова мен Олег Черновты соққыға жыққан еді. Адвокаттар жас жігіттің құрбысын ұрып-соққанын көріп, қызға араша түспек болды.

Кейіннен бұл жағдайға қатысты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлының төбелеске қатысқанын растап, жағдайға араласпайтынын, ұлының заң алдында толық жауап беретінін айтқан.

Қазірде әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр. Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды