«Маған да оңай емес»: Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттан» неге кеткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
21.01.2024, 19:24
62753
«Маған да оңай емес»: Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттан» неге кеткенін айтты видеодан алынған кадр

«Ал, мен ше?!»

Smart News басылымының хабарлауынша, журналист, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының тележүргізушісі Дина Төлепберген жүргізушілік мансабын тоқтатқаны жөнінде айтты.

Журналисттің үндеуінен соң көпшілік «Астарлы ақиқат» ток-шоуын жүргізгенде қысым көрді деп ойласа керек, Дина Төлепберген жағдайды ашып айтты.

«Ал, мен ше?! Сіздер «Астарлы ақиқатты» Динасыз елесте алмаймыз деп шулап жатырсыздар, маған да оңай емес… Десе де, өмір өздігінен өзгермейді деп білемін. 

«Астарлы ақиқатқа» мен атақ, абырой, ақша үшін келгенім жоқ. Алғы ойым - қазақ тіліндегі бағдарлама прайм-тайм төрінен орын алып, қазақ тілді өнімнің бәсекеге қабілетті болуын дәлелдеу еді. Дәлелдедім.

Екінші мақсат - журналистиканың шеңберінен асып, ақпарат таратып қана қоймай, проблеманы қатып қалған орнынан жылжыту, шешуге себепші болу еді. Болдық.

Ендігі асу қандай болмақ? Бір орында тұруды жаным қаламады. Менің жасым небәрі 40-та. Күшім бар. Санамда сансыз идеялар.
Кітап, кино, тың өндірістер, өзгерістер...

Расында, өмірдің адамға бір-ақ рет берілетінін түсінгеніңде ғана нағыз өмір басталады екен. Сізге де айтарым осы - еш нәрседен қорықпаңыздар!», - деді журналист.

Журналистің бұл үндеуінен соң оқырмандар жылы лебіздерін білдірді.

Еске сала кетсек, Дина Төлепберген жүргізушілік мансабын тоқтатқаны жөнінде жазған едік.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды