1419

"Өңі кіріп, толықсыпты": 17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа образы көпті тәнті етті

Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай өз парақшасында жазды. Ол 17 жыл бойы құлдықта болған қос қыздың жаңа образын көрсетті

"Өңі кіріп, толықсыпты": 17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа образы көпті тәнті етті
Руслан Өтепбай

Оның сөзінше, бұған дейін халық тарапынан түрлі пікір айтылған.

"Халық қаласа хан түйесін сояды". Жаңа өмір, жаңа образ, жаңа жыл! Ағайын, қыздарға пікірлеріңізді оқып берем, сәлемдеме жолдауларыңызға болады. Қыздардың шаштары көңілдеріңізден шықты ма?" - деп жазды ол.

Айта кетейік, Осыған дейін көпшілік Түркістан облысында ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған апалы-сіңілі қыздардың шаш үлгісін сынға алғанын жазған едік.