Алматыда өлтірілген күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары ақша ұсынған

02.04.2024, 11:53
1102
Алматыда өлтірілген күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары ақша ұсынған Бейнежазбадан

Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары ақша бермек болған.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары ақша бермекші болған. Болған жайтқа өкінетінін айтып, кешірім сұрап келді дейді марқұмның туыстары. Бірақ олар кешірім бермейтінін айтып, кінәлі тараптан бірде-бір тиын алмаймыз деп отыр. Көлікпен үш рет таптағанымен қоймай, ес-түссіз жатқан күзетшіні тепкілеген қаскөйдің әкесінің сөзі ақша ұсынбақ түгілі, "ондай балам жоқ" дегенге саяды. 

“Алдымыздан өтті, "кешіріңіздер" деп, бірақ кешірім болмайды дедік, сот болады. Әділ сот болғанын қалаймыз дедік. Жеңгеме "маған нөмірін бер, ақша салып жіберейін" дейді. Ондай көмек керек емес дедім, ешқандай көмек керек емес. Елдің бәрі, бүкіл Қазақстан болып жинап жатыр. "Кешірім болмайды" дедім, болды”, – дейді марқұмның інісі Руслан Қайыпбаев.

Расында айыбын жуып-шаймақ боп ақша ұсынғандардың күдіктіге қандай жақындығы бары белгісіз. Өйткені оның әкесі ақша ұсынбақ түгілі, күзетшіні өлтіргенді танымаймын деп басын ала қашты.

Қапыда отағасынан айырылған жары мен үш баласына ауыр соққы болды. Үлкені 14 жасқа толса, кенжесің жасы бесте. Барлығы жалдамалы пәтерде тұрады. Жесір қалған жарының шотына қазақстандықтар қазір көңіл айтып жаппай ақша аударып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 45 жастағы ер адамның өзі тұратын тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткені туралы жазған едік. 

 

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты