Бокс құрамасының бас бапкері ауыстыру жайы талқыланып жатыр

10.08.2024, 11:50
1154
Бокс құрамасының бас бапкері ауыстыру жайы талқыланып жатыр collage smartnews.kz

Ең көп дауысты Бақыт Сәрсекбаев пен Тұрсынғали Еділов жинаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасына бокстан Қазақстан осымен екінші рет алтынсыз қалды. Спортшылар мен анкүйерлер тарапынан сын көп. Бас бапкерді ауыстыру керектігі де айтылуда. Осы ретте Sports.kz оқырмандар сауалнама ұйымдастырған.

Аталған басылым ұйымдастырған сауалнама қорытындысы бойынша бес бапкер анықталған.

5-орын. Мырзағали Айтжанов

Құраманың қазіргі бапкерінің қалғанын қалайтындар да бар. Мырзағали Айтжанов Қазақстан құрамасының тізгінін екінші рет ұстап отыр. Бұған дейін 2009-2018 жылдары жаттықтырған. Одан кейін былтыр 2023 жылдың басында қайта оралған.

4-орын. Қайрат Сәтжанов

Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейн бас бапкерлікке тағайындалған еді. Сербиядағы әлем чемпионатында екі алтын еншіледі. 2023 жылдың басында денсаулығына байланысты қызметінен кеткен. Былтыр қайтадан жастар құрамасының бас бапкері болды.

3-орын. Мұхит Амантаев

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхит Амантаев әлеуметтік желіде өте танымал. Астанада болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жүрген жас маманды ұлттық құрамаға шақыру керек деген пікірлер бар.

Мұхит Амантаев спортшы ретінде Қазақстан жүлдегері атанған, әлем біріншілігіне қатысқан.

2-орын. Тұрсынғали Еділов

Қазақстан боксының тарихындағы ең нәтижелі бапкерлердің бірі. Ол Сидней Олимпиадасында Қазақстан құрамасын бастап барып, екі алтын, екі күміс еншілеген. Бірақ одан кейін 20 жылдан астам құрамада жұмыс істеген жоқ. Жанкүйерлердің арасында Тұрсынғали Еділовті қайтару керек деп санайтындар көп. 

1-орын. Бақыт Сәрсекбаев

Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған соң, әуесқой бокста мансабын жалғастырған жоқ. Аз уақыт «Астана арландары» сапында болды. Соңғы жылдары бапкерлікке көшті. Көбіне, жас боксшылармен жұмыс істеді. Сонымен қатар, ұлттық құрама бапкерлеріне жиі сын айтады. Париж Олимпиадасындағы пікірінен кейін жанкүйерлер Сәрсекбаевтың өзіне мүкіндік беру керек деп есептейді. Сондықтан ең көп дауысты осы маман жинады.

Еске сала кетсек, бұған дейін бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп көпшіліктің алдында ақталмайтынын айтып, Қазақстан боксының құлдырап жатқанын мойындаған еді. Ол федерацияға реформа керегін айтты.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды