«Ақталатын жайымыз жоқ»: бокс федерациясының президенті кінәсін мойындады

09.08.2024, 16:50
2577
«Ақталатын жайымыз жоқ»: бокс федерациясының президенті кінәсін мойындады бейнежазбадан алынған кадр

Шахмұрат Мүтәліп көпшіліктің алдында ақталмайтынын айтып, Қазақстан боксының құлдырап жатқанын мойындады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Париждегі жазғы Олимпиада ойындарын қорытындылады. Ол былғары қолғап шеберлері көрсеткен нәтижеге кім кінәлі екенін айтты. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

Шахмұрат Мүтәліп өз сөзінде боксқа үлкен реформа қажет екенін алға тартты. 

"Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарабынан да, жаттықтырушылар тарабынан да кінә бар. Қатемізді, кем-кетіктерді көріп, бір шешімге келдік. Біздің боксымызға үлкен реформа қажет", - деді ол. 

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы елге екі Олимпиада қатарынан алтын жүлдесіз оралды. Биыл Парижде 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай ғана күміс медаль иеленді.

Олимпиада ойындарындағы боксшылардың нәтижесіне қатысты бас бапкер Мырзағали Айтжанов пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады.

«Буллинг емес»: Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады Пеп Гвардиола және Visa: карта ұстаушыларға бірегей тәжірибе ұсынатын эксклюзивті серіктестік Сенаторлар Ұлттық ұлан авиациясының дағдарыстық жағдайларға дайындығын бағалады Алматылық әйел күйеуі өз қызын зорлады деп айыптады Ер адам өзінің жаңа туған баласының мәйітін даладағы әжетханадан тауып алған «Надандық»: Психолог Құралай ханымның Үндістанға барып неке қидырғаны көптің ашуына тиді Павлодарда сауаты төмен әйелдің баспанасын туыстары алдап тартып алған Бәсекелестікті қорғау агенттігі Beeline интернет бағасын қолдан көтергенін айтты Тарбағатайда қыз балағат сөздер айтқан өз әкесін соттатып жіберді Енді түрмедегілер кітап оқу арқылы жазасын қысқарта алады «Бірнеше минут мұрнын қысып, қылғындырған»: Алматыда тәрбиешілер 4 жасар баланы қылқындырып, зәбір көрсеткен (ВИДЕО) Астанада 25 жастағы жігіт футбол қақпасының астында қалып, қаза болды Трамп Мюнхенде АҚШ, Ресей және Украина өкілдерінің басын қоспақ Лифтіде пышақталған бүлдіршінге дәрігер көршісі көмектесіп, дер кезінде құтқарып қалған «Call-орталық жасаған»: түрмедегілер колония шатырындағы спутник интернет арқылы есірткі саудасын жүргізген 84 жастағы әжейді алдап кеткен алаяқ делдалдар ұшақ рейсінен түсірілді «Көктайғақ, тұман, бұрқасын»: 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Соғысты міндетті түрде тоқтату керек деп айттық»: Тоқаев Украинадағы соғыс туралы айтты Швейцария прокуратурасы 69 миллиард теңгеге қамал сатып алған Динара Құлыбаеваның үстінен іс қозғады «Тергеу изоляторында жоқ»: лифтіде баланы пышақтаған жасөспірім қазір қайда?